07 Қар 2020
Материал Шұғыла

Біз туралы

КМҚК №19 «Шұғыла» балабақшасы туралы:

«Арай» балабақшасының іргетасы 1975 жылы қаланған. Атырау қаласындағы балабақшаның ғимараты «Балапан» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп, №19 «Шұғыла» балабақшасы болып қайта ашылды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұйымдастыру болып саналады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында, Атырау қала Әкімдігінің 1 шілде 2010 жылғы № 699 қаулысымен бекітіліп, 21 желтоқсан 2011 жылы облыс әкімі Б.С.Рысқалиевтың ашуымен іске қосылды.Нақты балабақшаға балаларды қабылдап,өз жұмысын 16 қаңтар 2012 жылдан бастады. Балабақшада 280 орындық 11 топ, дене шынықтыру бөлмесі , саз залы, Монтессори ойындары бөлмесі, медициналық бөлім, ас бөлімі қазіргі заман талабына сай жасақталған. Медициналық бөлім санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай құрал-жабдықтармен , дәрі – дәрмектермен қамтылған. Медициналық бөлімнің ЛП 00547ДК лицензиясы алынды, Емшібике Исамбергенова Г. Е тәжрибелі, жоғарғы санатты маман.Балаларға арналған 11 ойын алаңы баланың жас шамасына , талабына сай жасалған. Көгалдандыру өз дәрежесінде жүргізілуде, жылда жас ағаш түптері, гүлдер отырғызылады.

Бүгінгі күні барлық педагог саны-29

Жоғарғы санатты: 1

І санатты: 4

ІІ санатты: 5

Санатсыз: 17

Директор:

КМҚК №19 «Шұғыла» балабақшасының 2012 жылдан бастап директоры - Мерекесова Сара Самиғоллақызы еңбек етеді.Жоғары білімді «Мектепке дейінгі педагог- психолог», жоғарғы санатты педагог- маман. Педагогикалық еңбек өтілі- 28 жыл, директор лауазымы бойынша 9 жыл.

Әдіскер:

КМҚК №19 «Шұғыла» балабақшасының әдіскері Куптлеуова Замира Жаңабайқызы. Жоғары білімді «Мектепке дейінгі тәрбие», І санатты маман. Педагогикалық еңбек өтілі- 26 жыл.

Балабақша бағдарламасы:

2017-2018 оқу жылына КМҚК №19 "Шұғыла" балабақшасының білім беру процесі 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Үкіметінің 2016 жылғы «13» мамырдағы №292 қаулысына 1- қосымша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы «23» тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген; 2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы «12» тамыз №499 бұйрығымен бектіліген Типтік бағдарламасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып құрылды. Оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінң 2016 жылғы «22» маусым №391 бұйрығына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына қосымша) бойынша 1 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына сәйкес құрылған. Оқу жоспары инвариантты (міндетті) және вариативтік компоненттен тұрады. Жоспардың инвариантты (міндетті) бөлімі тікелей білім беру қызметінің негізгі түрлеріне бөлінетін сағаттар санын реттейді. Вариативтік компонент білім берудің басқа іс-әрекет түрлеріне бағыттылған.

 

Басылымға шыққан педагогтардың озат іс- тәжірибелері

  1. «Жас маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру». Директор: Мерекесова С.С. Әдіскер: Құлжанова С.Б. «Мектепке дейінгі ұйым басшылығының анықтамалығы» № 11 2013

  2. «Біздің елбасы» Әдіскер: Құлжанова С.Б. «Нота әліппесі» Саз жетекшісі:Абиева Е.А. «Музыкант анықтамалығы»

  3. Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаменті желтоқсанның 18-20 аралығында:

  4. 19 «Шұғыла» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мемлекеттік аттестаттау барысында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымының қызметін зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «АТТЕСТАТТАЛДЫ» деп 5 жылға ұсыныс берді.

  5. 2015-2016 оқу жылында Республикалық мектепке дейінгі ұйымдар «Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойына арналған мектеп жасына дейінгі байқауға «Ханталапай» асық ойынынан, ең үздік бейнематериал номинациясына ересек топ балалары қатысып «ІІ дәрежелі» дипломмен марапатталады.

  6. Балабақшалар арасында ұйымдастырылған спорттық интелектуалдық олимпиадасында ересек топ «Шұғыла» командасы ІІІ жүлделі дипломмен марапатталды.

  7. «Білім жолымен» олимпиадасында ересек топ балалары Темірхан Али, Ахметжанов Айсұлтан, Кенжебекұлы Бекнұр «Бәрін білгім келеді», «Біз мектепке барамыз» , «Ойнада ойлан» номинациялары бойынша ІІІ жүлделі дипломмен марапатталды.

  8. Қалалық «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестиваліне вокал номинациясына «Айналайын» өлеңімен ересек топ балалары Ықтияр Айқын, Темірхан Али, Ахметжанов Айсұлтан қатысып, І жүлделі дипломмен марапатталды.

  9. 2016 жылдың қаңтарында Халықаралық «ПОНИ» турнирінің 3 турына ересек, ортаңғы топ балалары қатысып, 95 диплом, 10 алғыс хат, 110 сертификатқа ие болды.

  10. 2016 жылдың қазан айында Республикалық «ҮРКЕР» турниріне 100 тәрбиеленуші қатысып, 3 медальмен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

2015-2016 оқу жылындағы басылымға шығу:

  • Республикалық педагогикалық журнал. Білім. KZ №12 /49/2015ж «Білімді жеке тұлға тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдер» директор Мерекесова С.С;
  • «Балабақшадағы әдістемелік жұмыс» әдіскер Құлжанова С.Б; Жинақ, Атырау облыстық әдістемелік кабинет;
  • «Атырау» газеті 2015 ж. балабақша туралы мақала;
  • «Хабаршы.Вестник» әдістемелік журнал №1/10/2015ж. Директор Мерекесова С.С;
  • «Атырау» газеті №44, 2016ж «Бар жақсымыз-балаларға!» Ғұмар Нұрислам;
  • «Прикаспийская коммуна» газеті №44, 2016ж «Бақытты балалық шақ!» Шаяхметова Жанат;
  • Республикалық ғылыми тәжірибелік жинақ 1 том. Директор Мерекесова С.С;

Балабақша барысында қалалық деңгейде өткізілген шаралар:

  • «Жемқорлыққа қарсы күрес» семинар;
  • «1- маусым халықаралық балалар күніне» байланысты «Бақытты балалық шақ!» мерекелік шара;
  • «Отан менің өзімде» жобасы бойынша үздік ата-аналар шаралары айлығы;
  • «Жыл тәрбиешісі» сайысы 2015 ж
  • «Тәуелсіздік тұғырым!» тақырыбында мерекелік шара өткізіліп, Қалалық білім бөлімінен, Қ.Дүтбаева атындағы колледжден, №19 мектептен, Облыстық жемқорлықпен қарсы күрес комитетінен, әлеуметтік серіктестер ЖШС «Атырау-Альтайр» және ЖШС «Ақниеттен», «ЖШ Сбербанктен», Қалалық «Прикаспийская коммуна» , «Атырау» газеттерінен тілшілер және ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысып алғыстарын айтты.
Атауы: Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің КМҚК №19 "Шұғыла" балабақшасы
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Түрі: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: 1. 2-3жас бір күнге 400 теңге 2. 3-4 жас бір күнге 500 теңге 3. 4-5 жас бір күнге 500 теңге 4. 5-6 жас бір күнге 500 теңге
Жұмыс тәртібі: бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30
Кезекші топ: жоқ
Қосымша жабдықтау: бейнебақылау (қауіпсіздік бойынша)
Телефон: +7(7122) 20-21-78; +7(7122) 28-03-45
Web-сайт: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жай: Атырау қаласы, Авангард 2 ықшам ауданы, 21Б үй

ТАӘ: Сара Самигуллаевна Мерекесова
Лауазымы Директор
Жасы: 50 жас
Санаты: жоғары
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 28 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  10 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 280 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 299 адам

Балалар топтардың саны: 11


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
«Еркетай» Қазақ 28 0 Қарапайым
«Өркен» Қазақ 30 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
«Жұлдыз-ай» Қазақ 25 0 Қарапайым
«Балбөбек» Қазақ 0 0 Қарапайым
«Қарлығаш» Қазақ 34 0 Қарапайым
«Гүлдер» Қазақ 33 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
«Қызғалдақ» Қазақ 32 0 Қарапайым
«Жауқазын» Қазақ 28 0 Қарапайым
«Күншуақ» Қазақ 27 0 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
«Балауса» Қазақ 36 0 Қарапайым
«Балбұлақ» Қазақ 29 0 Қарапайым